Атырау, 9 желтоқсан 16:05
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Маңғыстауда бір отбасы түгел уланып, қайтыс болды

531 рет қаралды
Сурет: Маңғыстау әкімдігі

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында бір отбасының улану оқиғасы орын алды. Құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі жеткен кезде үйден жеті адамды, оның ішінде бесеуі кәмелетке толмаған балаларды тапты. Барлығы оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алған. Қаза тапқандар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары.

Осы оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.

Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі.

Бұл оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында болады.

3 наурыз, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.