Атырау, 9 желтоқсан 16:05
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Маңғыстау облысында 60 дәрігер жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлем алды

524 рет қаралды
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл мамандарды өңірге тарту мақсатында өткен жылдың соңында қаражат бөлінді. Ауылдық аудандарға келген 32 дәрігерге 8.5 млн теңгеден көтерме жәрдемақы төленді. Жаңаөзен қаласында жұмысқа орналасқан 11 дәрігерге 5 млн теңгеден, ал Ақтау қаласында жұмысқа кірген 17 дәрігерге 3 млн теңгеден төленді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Көтерме жәрдемақы алғандардың арасында хирург, педиатр, жалпы практика дәрігері, офтальмолог, онколог, анестезиолог-реаниматолог, невропатолог, рентгенолог, психиатр және неонатолог бар.

Бүгінде облыста 280 дәрігердің тапшылығы байқалады. Бұл мәселені шешу үшін өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Денсаулық сақтау басқармасына көтерме жәрдемақы көлемін арттыруды тапсырды.

2024 жылдың сәуірінде Мемлекет басшысы ауылдық жерлерге жұмысқа келетін дәрігерлерге 100 ЕТЖ немесе 8.5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем жасалатынын заңға енгізгенін еске салды. Ауылға медициналық кадрларды тарту үшін әлеуметтік төлемдердің бірыңғай пакеті дайындалды. Жас мамандар тұрғын үйге төмен пайыздық мөлшерлемемен несие, жалақыға қосымша ақы алады. 2024 жылдың қаңтарынан бастап аудан орталықтарына келген мамандарға бюджеттік несие 2 500 АЕК-ке дейін (9.2 млн теңге), ал ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке дейін (7.3 млн теңге) ұлғайды.

3 наурыз, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.