Атырау, 14 ақпан 22:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған және экстремистік ұйымға қатысқан азаматтар сотталды

418 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан-исламдық қозғалысы» халықаралық террористік ұйымдарының бейне жазбаларын таратқан, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Сол сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында «WhatsApp» және «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан.
 
Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
 
Терроризмді насихаттаған кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.
 
Үкімдер заңды күшіне енген.

3 наурыз 2025, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.