
Жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын алған Теңдік станциясындағы теміржол өткелінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Бұған екі қалпына келтіру пойызы мен алты автотехника жұмылдырылды. Учаскедегі жұмыстарға байланысты «Маңғышлақ-Атырау» және «Ақтөбе-Атырау» бағыттарында жолаушылар пойыздары кешіктіріледі.

Қарабатан станциясынан Атырау қаласының теміржол вокзалына дейін жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі 10 автобус ұйымдастырды.

В Атырау +1