Атырау, 2 сәуір 17:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Теңдік станциясында пойыз жүк көлігімен соқтығысты

Бейнежазба
950 просмотра

1 наурыз күні сағат 10:20-да Теңдік станциясының теміржол өткелінде пойыз жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кеткен.

2024 жылы теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан 28 жол-көлік оқиғасы орын алды. ҚТЖ мұндай оқиғалардың алдын алу үшін теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 23 желтоқсанында Бейнеу – Құлсары учаскесінің теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан еді.

1 наурыз, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16