Атырау, 9 желтоқсан 16:08
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Қазақстанда балық өнімдерінің бағасы өсті

1 192 рет қаралды

2025 жылдың қаңтарында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы жылдық мәнде 9,1% өсті. Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық бағасы 6,9%, мұздатылған балықтың бағасы 7,7%, өңделген және консервіленген балық өнімдерінің бағасы 11,9% артты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. 

2024 жылдың үшінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерінің орташа тұтыну мөлшері жан басына шаққанда тоқсанына 3,5 кг құрады. 

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – жан басына 5,9 кг, Ақмола облысында – 5 кг, Батыс Қазақстан облысында – 4,6 кг, сондай-ақ Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында – әрқайсысында 4,5 кг. Тұтыну мөлшерінің ең азы Шымкент қаласында – жан басына 1,1 кг.

28 ақпан, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.