Атырау, 9 желтоқсан 16:06
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Жамбыл облысында есірткі арнасы жойылды

936 рет қаралды

2025 жылдың ақпанында ҰҚК Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

 Сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды. Одан 13 кг психотроптық «мефедрон» зат тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

28 ақпан, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.