Атырау, 9 желтоқсан 16:06
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Монополияға қарсы орган «Қорғас» ШЫХО еншілес компанияларының заңсыз қызметін тоқтатты

935 рет қаралды
Сурет: inform.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас-Коммерц» ЖШС, «Қорғас-Энерго» және «Қорғас-Сервис» – «Қорғас» ШЫХО» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» АҚ еншілес компаниялары тарапынан монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады. Осы компанияларға қатысты заңнамаға сәйкес келмейтін қызметті тоқтату туралы ұйғарымдар шығарылды.

«Қорғас-Коммерц» ЖШС және «Қорғас-Сервис» сотта ұйғарымға қарсы шықты, алайда сот органдары монополияға қарсы органның талаптарын заңды деп таныды. Сот шешімін орындау нәтижесінде аталған компаниялар бұрынғы форматта қызметін тоқтатты.

Монополияға қарсы орган бұл компанияларды жекешелендіруді және оларды бәсекелестік ортаға беруді ұсынды. Бұл оларға нарық жағдайында жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

28 ақпан, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.