Атырау, 19 сәуір 06:02
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Венесуэлада ірі мұнай өңдеу зауыты отқа оранды

4 101 просмотра

Кариб жағалауындағы Пуэрто-ла-Крус қаласында ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірінде өрт болып, Венесуэла билігі оқиға орны маңындағы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіре бастады. Бұл жөнінде Би-би-сидің орыс қызметі хабарлайды. 

Өртке оранған кәсіпорындағы жалынның күштілгі соншалық, ол 30 метр биіктікке дейін шапшуда. Ал маңайды түгел-дерлік түтіннің қара түнегі қаптады. 
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, өрттің тұтануына мұнай қоры сақталған қоймаға найзағай түсуі себеп болған көрінеді. Ал оқиға салдарынан көз жұмғандар жайлы қазірше еш ақпарат жоқ. 
Билік өкілдері тілсіз жауды шұғыл ауыздықтаймыз деп үміттенгенімен, аудан тұрғындары баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болып отыр. 
Ескерте кетейік, Пуэрто-ла-Крус қаласындағы бұл зауыт тәулігіне екі мың баррельге дейін мұнай өңдеу мүмкіндігіне ие болатын. 

12 тамыз 2013, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.