Атырау, 9 желтоқсан 16:08
 ашықВ Атырау 0
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Ақша айырбастаудың жаңа ережесі: Ұлттық банк доллар мен еуро бағамының айырмашылығына шектеу қояды

901 рет қаралды

Ұлттық Банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу туралы» Басқарма қаулысын қабылдады. Қаулы 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енді, деп хабарлайды Ұлттық банк. 

Құжатта банктік және банктік емес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілген мәндері бекітіліп отыр. Ол шектер (спред) АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге.

Айта кететін жайт, бұл шара азаматтарды қорғауға және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылық жағдайында айырбастау пункттерінде спекулятивтік операцияларға жол бермеуге бағытталған.

Банктік және банктік емес айырбастау пункттері шетел валютасын сатып алу және сату бағамы арасындағы ауытқу шегін сақтамаған жағдайда Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай тиісті шара қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына шағыммен жүгінуге ұсыныс білдіреді.

28 ақпан, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.