Атырау, 27 желтоқсан 07:05
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

СТГ құрылысы ұзаққа созылуы мүмкін

1 996 просмотра


Газетіміздің өткен санында жер асты суларының жоғары деңгейінен Нұрсая ықшамауданында салынып жатқан техникалық гимназияның іргетасы отырып кеткені туралы жазған едік («ЖС», №32, 8.0.8.2013 ж., «Нұрсаядағы жаңа гимназия» қалқып кетті» жарияланымын қараңыз).

Біз жоба инвесторы ТШО-дан жауап алдық. «Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және қоғамдық жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің бас менеджерінің орынбасары Дэвид МакИННИСТІҢ айтуы бойынша, қосымша жұмыстар жобаның уақыты мен бағасына әсер етуі мүмкін.

«Нысан аумағындағы жер асты суының деңгейі екі ай сайын 0,8 м-ден 3 м-ге дейін ауытқап тұрады, - дейді ол өз жауабында. – Техникалыќ гимназия құрылысы барысында құрылыс аумағында іргетастың бір бөлігі отырып кетті. 9 шілдеде кеңес өткізіліп, мектеп  құрылысын жалғастыруда қауіп-қатер болдырмау үшін тағы да геологиялық зерттеулер жүргізілу керек деп шешілді. Геодезиялық жұмыстарды «КаспийМұнайГаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты АҚ жүргізуде. Әкімдіктен бөлінген осы аумақта құрылыс жалғасатын болады, бірақ қосымша жұмыстар жобаның уақыты мен бағасына әсер етуі мүмкін».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

12 тамыз 2013, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.