Атырау, 11 желтоқсан 06:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

​Қазақстанның ірі жобасы: Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты жаңа кезеңге өтеді

594 рет қаралды
Сурет: ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігінде қуаттылығы жылына 4 млрд м³ газ өндіретін Қарашығанақ газ өңдеу зауытының (КГӨЗ) құрылысы жобасы бойынша кеңес өтті. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (КПО) және Hyundai Engineering Co Ltd. компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. 

Кездесуге қатысушылар жобаның негізгі кезеңдерін, соның ішінде инжиниринг, сатып алу және құрылыс (EPC) бойынша бас мердігер қызметін атқаратын Hyundai Engineering компаниясымен жұмысты талқылады.

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның Қарашығанақ кенішін игеруге үлкен мән беретініне тоқталып, зауыт құрылысын уақытылы аяқтау үшін мердігерлермен тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Қарашығанақта жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы кеніштің өзін ғана емес, еліміздің барлық газ саласын дамыту үшін стратегиялық маңызды қадам болып табылады. Біз газ өңдеуді айтарлықтай арттырып, ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз ете аламыз. Бұл шынымен де ауқымды жоба, оның сәтті жүзеге асатынына сенімдіміз!» - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

Тараптар жобаны уақтылы жүзеге асыруға өз міндеттемелерін растады және 2025 жылға дейін Қорытынды инвестициялық шешімді (FID) қабылдау жоспарланып отырғанын атады.

27 ақпан, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.