Атырау, 1 маусым 06:57
 снегВ Атырау +12.6
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Ақтау әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша жабылды

600 рет қаралды
Сурет: aktau-airport.kz

2025 жылғы 27 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 12:00 мен 17:00 аралығында Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды, деп хабарлады Ақтау әуежайы әкімшілігі. 

Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты www. aktau-airport.kz арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін ақпарат бюросынан: 8 (7292) 60 97 55 біле алады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 ақпанда жоспарланған 11 рейстің 4-і кешігуде. Әуежай әкімшілігі жағдайға түсіністік танытып, өзекті ақпаратты бақылап отыруды сұрайды. 

27 ақпан 2025, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.