Атырау, 21 желтоқсан 13:33
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

АМӨЗ-дегі мұнай өнімдерінің төгілуіне қатысты тексеру аяқталды

897 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Еске салсақ, 9 қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) 33-резервуарлық парк аймағында мұнай өнімдерінің төгілуі орын алған еді. Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға тауарлық бензин компоненттерін айдау желісіндегі ақау себеп болған. Апаттық қызметтер құбырды жедел ажыратып, салдарын жою жұмыстарын бастады. 

Осыдан кейін АМӨЗ басшылығы бұл жағдай мұнай өнімдерін жөнелту көлеміне әсер етпейтінін және зауыттың қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. 

Ал Атырау облысы экология департаменті заң аясында тексеру бастап, қазіргі уақытта нәтижелері белгілі болды.

Атырау облысы экология департаментінің баспасөз хатшысы  Эльнара Оралова: «Тексеру қорытындысы бойынша жердің ластанғаны анықталды. Осыған байланысты акт жасалды, ал тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық полиция департаментіне жіберілді. Онда қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады», – деп хабарлады.

Сондай-ақ, экология департаменті кәсіпорынға болған жағдай туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік шара қолданды. Штраф мөлшері мен одан арғы әрекеттерді құқық қорғау органдары шешетін болады.  

Айнұр САПАРОВА

27 ақпан, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.