Атырау, 11 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

​Азамат Жолманов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды​

425 рет қаралды
Сурет: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Азамат Жолманов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Білімі жоғары. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Еуразия Ұлттық Университетін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Мемлекеттік басқару саласында 10 жылдам астам еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу Институтында ғылыми қызметкер, Сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті директоры лауазымдарын атқарды. 

2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 


27 ақпан, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.