Атырау, 22 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жангелдин мектебіндегі күрделі жөндеу: бұл жолы Ломоносов​ мектебінің оқушыларын кім паналатады?

961 рет қаралды
Сурет: 2ГИС

Жангелдин атындағы орта мектепке күрделі жөндеу басталуына орай ол ғимаратта өз мектебінің бұзылуына байланысты үш жылдан бері уақытша оқып жатқан Ломоносов мектебінің 500 оқушысы жалпы білім беретін Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектепке орналастырылып, үш аусымда білім берілу жоспарлануда. Ломоносов мектебінің жарты оқушысы бұған дейін де сол мектепте оқып жатқан болатын.

Атырау қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, мектептердің үш ауысым жұмыстарына сабақ кестелері жасалып, педагогикалық кеңесте талқыланып, ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге оқушылардың өмір қауіпсіздігі де назарда ұсталатын болады. 

Еске салсақ, Балықшы ықшамауданы, Абай Құнанбаев көшесі, №6 үй мекенжайында Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп наурыздан бастап күрделі жөндеу және материалдық техникалық базаны қайта жаңғырту жұмыстарына жабылып, оның оқушылары №6 Мұрат Мөңкеұлы атындағы орта мектепке үшінші ауысымға оқуға ауысатынын жазған едік. 

Білім бөлімнің мәліметінше, Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп 1960 жылы, жобалық қуаты 620 оқушылық орын ашылған. Соңғы рет 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен.   

Қазіргі таңда жалпы білім беретін Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте 772 оқушы 39 сынып комплектісімен білім алуда. Сонымен бірге бұл жерде М.Ломоносов атындағы орта мектептің де 500 оқушысы 21 сынып комплектісімен оқып жатыр.

- Заңнамалық тұрғыда күрделі жөндеу жұмыстары 5-7 айға созылатын болғандықтан, жасалынатын жұмыстары ерте жоспарлануда. 2025 жылдың 1  қыркүйегінде оқушылар өздерінің мектептерінен білім алу туралы  жоспарлануда. Оған дейін факультатив және үйірме сабақтары сенбі күндері ұйымдастырылады, - деді Атырау қалалық білім бөлімі басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аниса ОҢҒАРАЛИЕВА.

 Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 ақпан, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.