Атырау, 11 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

​Бас муфтий ифтарды - ауызашар, сухурды - сәресі деп атауға шақырды

624 рет қаралды
Сурет: muftyat.kz

Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған ата-бабаларымыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған дейді ҚМБД басшысы, деп жазады BES.Media.

Рамазан айы қарсаңында өткен баспасөз маслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни терминдерді қазақша айтуға шақырды. 

Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша арылуымыз керек, – деді ол.

Рамазан айында адамдар игі іспен айналысқан дұрыс: сатушылар азық-түлік бағасын түсіріп, аз қамтылған отбасыларға көмек берген жөн болады деп атап өтті ол. 

2025 жылы Ораза 1 наурызда басталып, 29 күнге созылады, Қадір түні 26-нан 27 наурызға қараған түнде, ал Ораза айт - 30 наурызға белгіленді.   

26 ақпан, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.