Атырау, 11 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

​Жүргізушілер медициналық анықтаманы енді eGov Mobile​ арқылы алады

476 рет қаралды

073/е нысанындағы медициналықанықтаманы енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ. 

Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.

073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.

Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау керек;
  • «№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау қажет;
  • өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

26 ақпан, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.