Атырау, 11 желтоқсан 06:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

1 наурыздан бастап ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу қойылады

671 рет қаралды
Сурет: "ҚазАвтоЖол"

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2025 жылғы көктемгі кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізілетінін хабарлайды. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығының 19 тармағына сәйкес, республикалық автожолдарды қысқы мезгілден кейін сақтау мақсатында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін "бесінші жол климаттық аймаққа" жататын келесі сегіз облыста шектеу енгізіледі:

• Алматы облысы
• Атырау облысы
• Жамбыл облысы
• Ұлытау облысы
• Қызылорда облысы
• Маңғыстау облысы
• Жетісу облысы
• Түркістан облысы

Алайда келесі автокөліктердің түрлеріне бұл шектеулер қолданылмайды:

• халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына;
• төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге;
• гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге;
• жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге.

Жүргізушілер мен көлік иелеріне осы ақпаратты маршруттарыңызды жоспарлағанда ескерулеріңізді сұраймыз.

25 ақпан, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.