
Ақтөбе облысы прокуратурасы Темір ауданының Қопа ауылында мектеп оқушысының абайсызда өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.
Тергеу барысында 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Темір ауданының Қопа ауылында 10-сынып оқушылары жоғарғы сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын ұрып-соққаны анықталды. Салдарынан кәмелетке толмаған Сыдық Н. ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды.
Тергеу барысында кәмелетке толмаған алты күдікті қамауға алынды. Олардың біреуі ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру") бойынша сотқа берілді, ал қалған бесеуі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") және 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауды ұйымдастырғаны ("Қылмысты ұйымдастыру", ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі) үшін жауапқа тартылуда.
Іс Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады, сотта мемлекеттік айыптауды процесс прокуроры қолдайды.
В Атырау -4