Атырау, 11 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

​Қазақстан Еуропалық Одаққа бал экспорттауды қолға алмақ

438 рет қаралды
Сурет: freepik.com

ҚР ресми түрде Еуропалық Одақ елдеріне бал экспорттауға рұқсат алды. Тиісті қаулы 2025 жылдың 21 ақпанында Еуропалық Комиссия тарапынан жарияланды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұл жетістік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің көпжылдық еңбегінің нәтижесі.

Министрлік балдағы қалдық заттарды бақылаудың Ұлттық жоспарын әзірлеп, енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді, бұл Қазақстанды ЕО-ға осы өнімді экспорттауға құқығы бар елдер тізіміне қосу үшін маңызды қадам болды. Дайындық аясында Еуроодақ талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында көптеген семинарлар, кеңестер мен тексерулер өткізілді.

25 ақпан, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.