Атырау, 11 желтоқсан 06:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

​Жетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды

610 рет қаралды
Сурет: ҚР Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Өткен жылдың қыркүйек айында «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, «УАЗ» қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды.

Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. 

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

25 ақпан, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.