Атырау, 11 желтоқсан 06:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

​30 млн теңгенің схемасы: Алматыда адвокат алаяқтық үшін сотталды

308 рет қаралды

Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев, Г. Сәкенова сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

25 ақпан, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.