Атырау, 11 желтоқсан 06:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

Тоқаевтың ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі тағайындалды

416 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Ол Арман Қырықбаев, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды" делінген хабарламада.

Еске салайық, Қырықбаев 2024 жылдың 9 наурызында президент әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған болатын.

Арман Оразбайұлы - 1976 жылы  Целиноград қаласында (қазіргі - Астана қаласы) дүниеге келген.

1992-1996 жылдары Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университетінде «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша оқыды. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД және Балтия елдері басқармасының референті ретінде бастады.

1997 жылғы сәуір-мамыр айларында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД департаментінде атташе болып қызмет атқарды.

1997 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігіне атташе ретінде тағайындалды. 1999 жылғы наурыз-2000 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің үшінші хатшысы қызметін атқарды.

2000 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясына оқуға түсіп, оны тәмәмдағаннан кейін ТМД Комитетінің Орта Азия және Закавказья бөлімінде Екінші хатшы болып қызмет етті.

2002 жылғы қазаннан бастап «Корпорация «АВЕ» ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, кейін Корпоративтік даму департаментінің директоры.

2004 жылғы қарашадан 2005 жылғы наурызға дейін «К-МАРТ» ЖШС бас директоры міндетін бірлесе атқарды.

2005 жылғы наурыз-мамырда Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005 жылғы мамырдан 2006 жылғы сәуірге дейін Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қорының директоры қызметтерінде болды.

2006 жылдың сәуірінен 2008 жылдың ақпанына дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыстар департаментінің директоры, ал 2008 жылғы ақпаннан бастап 2010 жылғы қаңтарға дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың ақпаны аралығында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында болды. 2014-2015 жылдары Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі болған. Сондай-ақ, 2015 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Соңғы атқарған қызметі – Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 

24 ақпан, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.