
2024 жылғы су тасқыны салдарынан агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпкерлік субъектілеріне жылжымайтын мүлік бойынша келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидасы бекітілді, деп хабарлайды Информбюро.
Бұйрықты Ұлттық экономика министрлігі жариялады.
Ол 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2025 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейінгі уақытқа жарамды болады. Бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны, не шығын болған тұрғын үй мен басқа үй-жайлардың құны өтеледі.
Егер мүлік иесі өтеу сомасымен келіспеген жағдайда өтемақы сомасын айқындау жөніндегі (сот-бухгалтерлік немесе сот-тауартану) сот сараптамасы/арнайы зерттеу қосымша беріледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға 2024 жылы 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылды
Өтемақы туралы өтініштің және тиісті құжаттардың негізінде Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы бес жұмыс күні ішінде республикалық бюджет және (немесе) облыстың және (немесе) қордың қаражатынан мүліктік шығынды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін шешімнің жобасын әзірлейді.
Сақтандырылған жылжымайтын мүлікке, сонымен қатар 2024 жылғы 1 наурыздан кейін сатып алынған мүлікке өтемақы төленбейді.
Өтемақы мөлшерін анықтау үшін фермерлер сметаны, мүлікті бағалау қорытындысын немесе сот немесе мамандандырылған зерттеу нәтижесін ұсынуы керек.
В Атырау -4