
22 ақпанда қазақстандық әнші Жандаурен Аблаевқа Латвияға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұны Латвияның Сыртқы істер министрі Байба Браже мәлімдеді. Оның айтуынша, Абылаев Латвияда "қалаусыз тұлға" болып табылады. Бұл туралы ол өзінің X парақшасында жазды. Артынша, оның мәлімдемесі Латвия Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасында расталды.
Jazzdauren лақап атымен өнер көрсететін "Дарите женщинам цветы" және "Песни на кассете" хит әндерінің орындаушысына Иммиграция туралы Заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға белгісіз мерзімге кіруге тыйым салынды.
FM @Braze_Baiba : I have made the decision to include Zandauren Ablaev in the list of persona non grata and to impose a ban on his entry into the Republic of Latvia for an indefinite period, based on Section 61, paragraph 2 of the Immigration Law. https://t.co/x0MooIjyG2
— Latvian MFA | #StandWithUkraine (@Latvian_MFA) February 22, 2025
В Атырау -4