Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының бұрынғы басшысы Берік ЖАНКЕЕВ мемлекетаралық іздеуге берілді.
ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) сайтында ҚР ҚК-нің 235-бабы 3 тармағы, 176-бабы 4 «а» тармағымен («Бір және бірнеше қылмыстарды жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру» және «Сеніп тапсырылған біреудің мүлкін ұйымдасқан топпен иемдену және талан-таражға салу») қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін 37 жасар Жанкеев іздестіріледі деп хабарланған.Бұдан бұрын Жанкеев басшылық еткен ұйымдасқан топ 2008-2012 жылдар аралығында 250 миллионнан астам теңге бюджет ақшасын талан-таражға салды деп хабарланған болатын.Бұрынғы жарияланымдарымызда біз Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Берік Жанкеев пен облыстық «Атырау» волейбол командасының басшылығына қатысты бюджет қаражатын қымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаны туралы жазған едік.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА