Атырау, 12 желтоқсан 07:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Оқу-ағарту министрі Германия елшісімен кездесті

849 рет қаралды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөзт қызметі.

  Іскерлік кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, өндірістік кәсіпорындарда студенттер мен педагогтер үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ неміс тілі пәні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, инклюзивті білім беру саласында одан әрі ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері қаралды.

21 ақпан, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.