Атырау, 12 желтоқсан 07:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Электронды темекіні елге әкелгені үшін шетел азаматы бас бостандығынан айырылды

809 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Бейнеу ауданының соты шетел азаматын электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) елге әкелгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Мауғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Шекара бекетін тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында 4 550 дана «WAKAsoPro20000» маркалы электрондық тұтыну жүйелері анықталған.

Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша көрсетілген тауарлар жоюға жіберілді.

Қылмыстық кодекстің 301-1 жаңа бабы темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін жауапкершілікті белгілейді.

Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қамауға алу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазалары қарастырылған. 

Маңғыстау облысының прокуратурасы электронды тұтыну жүйелерін сату және тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

21 ақпан, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.