Атырау, 12 желтоқсан 04:19
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды

301 рет қаралды

Ұлытау облысының игіліктерінің бірі, сондай-ақ энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы болып табылады, деп хабарлайцды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Су қоймасы 1952 жылы салынған (319 миллион шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, демек мемлекет меншігінде болуы тиіс.

Өз кезінде бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансына берілген.

Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары министрінің атына ұсыну енгізді.

Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды.

Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

21 ақпан, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.