Атырау, 12 желтоқсан 04:18
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы Ташкентте өтеді

350 рет қаралды
Сурет: Ақорда

28 сәуірде Өзбекстан астанасында ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Бұл туралы Мәскеуде ұйымдастырылған экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлім болды. Оның аясында Өзбекстан бастамасы бойынша әзірленген кешенді жоспар қаралды.

Атап айтқанда, ТМД-ға мүше елдер 2030 жылға дейін өзара инвестиция тарту бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.

— Құжатта инвестициялық ахуалды жақсарту, ТМД-ға мүше елдердің экономикасына шетелдік көздерден қаражат тарту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлары қамтылған, — делінген ұйымның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Аталған кешенді жоспарды биыл 28 сәуірде Ташкентте өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің отырысында бекіту жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, биыл 3-4 сәуір аралығында Самарқан қаласында Еуроодақ пен Орталық Азия елдерінің алғашқы саммиті өтеді.

21 ақпан, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.