Атырау, 12 желтоқсан 04:15
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Каспий теңізіндегі әскери қызмет шеңберіндегі сенім шаралары туралы келісімнің жобасы талқыланды

439 рет қаралды

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығымен Каспий маңы мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен келіссөздердің төртінші раунды өтті.

Кездесу барысында тараптар Каспий теңізіндегі әскери қызмет саласындағы сенім шаралары жөніндегі келісімнің жобасын талқылады. 

Аталмыш құжатты қазақстандық тарап 2018 жылғы 12 тамызда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында өткен Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша Каспий маңы мемлекеттері басшыларының уағдаластықтарын орындау мақсатында әзірледі. 

Келісім жобасы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияда белгіленген қағидаттарды іске асыруға бағытталған.

20 ақпан, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.