
Ақтөбе облыстық прокуратурасы екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорының спорт алаңдары және залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс қаражаттарды жымқырғандарын анықтады.
Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, оның ішінде букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салған.
Аталған фактілер бойынша прокуратурамен 2 қылмыстық іс тіркелді. Олар облыстық Экономикалық тергеу департаментімен тергеп-тексерілді.
Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
В Атырау -5