Атырау, 12 желтоқсан 04:15
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Мемлекеттік кірістер комитеті "салықтан жалтарған блогерлердің" тізіміне қатысты түсініктеме берді

444 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Мемлекеттік кірістер комитеті “борышкер блогерлердің” тізімі мен олардың әлеуметтік желіде тараған болжамды кірісі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, желіде тараған тізім ресми құжат емес. Сондай-ақ оның жүргізіліп жатқан салықтық тексерулерге қатысы жоғын айтты. 

“Әлеуметтік желіде тараған тізім салықтық бақылау жүргізетін мемлекеттік кірістер органының актісі емес”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін желіде салықтан жалтарған отандық блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерінің тізімі пайда болған еді. 

20 ақпан, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.