Атырау, 28 наурыз 05:41
 ашықВ Атырау +11
$ 498.25
€ 537.16
₽ 5.96

Атырау әкімдігі қорғаныс бөгеттеріне 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөледі

504 просмотра

Облыстық экономика және қаржы басқармасы әзірге аудандар мен қалалар бойынша есептеуді енді жүргізіп жатқанын алға тартып, су тасқынына қарсы жұмыстар мен қорғаныс бөгеттерін нығайтуға Атырау облысындағы қала мен аудандар бойынша 2,9 миллиард теңге қаржының нақты қалай бөлінетініне жауап бермеді.

Айтпақшы, 2024 жылдың желтоқсан айынан бері өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қанша қаражат бөлінгені туралы ақпарат алуға тырысып келеміз.

Былтыр желтоқсан айында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте редакция тілшісінің сауалына берген жауабында С.Шәпкенов қосымша ақпарат беруге уәде еткенімен, баспасөз қызметіне әлденеше рет сауал қойғанымызға қарамастан, әлі күнге дейін бұл мәліметті алған жоқпыз.

Еске салсақ, 2024 жылы Атырау қаласы мен іргелес аудандарда су тасқынының алдын алу үшін Жайық өзенінің бойына 250 шақырымдық қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта Алмалы, Береке, Қайыршақты, Талғайран, Талғайран-2, Бесікті, Ақжар, Еркінқала ауылдарында, сондай-ақ Сарыөзек каналында бөгеттердің осал жерлерін нығайту және қосымша қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстары жүргізілуде. Қызылқоға, Индер, Махамбет аудандарында да жұмыстар жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

19 ақпан, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.