
Алматыда Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесі бойындағы қоймада өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
"Осы сәтте Алматы қ. өрт сөндірушілері Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесі бойындағы қоймадағы өртті сөндіруде.
Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындауда. Сумен үзіліссіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды", - делінген таратылған ақпаратта.
Зардап шеккендер туралы мәлімет 112-ге түскен жоқ.
Кейін ТЖМ өрт сөндірушілер жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қоймаларды өрттен қорғап қалды деп хабарлады. ТЖМ күштерімен өрт алдын ала болжам бойынша 3000 ш.м. алаңда оқшауланды.
В Атырау -5