Атырау, 28 наурыз 05:32
 ашықВ Атырау +11
$ 498.25
€ 537.16
₽ 5.96

Трамптың туған күні мемлекеттік мерекеге айналуы мүмкін

117 просмотра

Республикалық конгрессмен Клаудиа Тенни Дональд Трамптың туған күнін (14 маусым) АҚШ-тың Ту күнімен біріктіріп, ұлттық мереке ретінде белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Бұл бастама Конгресте мақұлданбауы мүмкін, бірақ басылымның пайымдауынша, Теннидің басты мақсаты – Трамптың көңілінен шығу.

Нью-Йорктегі Фингер-Лейкс аймағының өкілі Клаудиа Тенни Трампты «қазіргі Америка тарихындағы ең маңызды тұлғалардың бірі» деп атады. Ол АҚШ-та жыл сайын ақпанның үшінші дүйсенбісінде атап өтілетін Джордж Вашингтонның туған күні сияқты, Трамптың туған күнін де федералдық мереке деңгейіне көтеруді ұсынды.

Алайда X (бұрынғы Twitter) қолданушылары бұл ұсынысты келемеждеп, «Сізде бұдан да маңызды істер бар шығар» және «жағымпаздануды доғарып, сайлаушыларыңыз үшін жұмыс істеңіз» деген секілді пікірлер қалдырған.

Бұған дейін республикашыл конгрессмен Эддисон Макдауэлл Вашингтондағы Даллес халықаралық әуежайына Трамптың есімін беру туралы ұсыныс тастаған. Сондай-ақ конгрессмен Анна Паулина Луна Трамптың бейнесін Рашмор тауына Вашингтон, Джефферсон, Линкольн және Теодор Рузвельттің қасында қашап салу туралы бастама көтерді. 

19 ақпан, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.