
КҚК халықаралық құбыр жүйесі Теңіз-Новороссийск бағыты бойынша мұнай тасымалдауды жалғастыруда. Қазіргі уақытта айдау бойынша нақтыланған техникалық мүмкіндіктерге сәйкес жүк жөнелтушілерден мұнай қабылданып жатыр, деп хабарлайды компанияның Telegram арнасы.
КҚК басшылығы тобы "Кропоткинская" МАС аумағына мұқият тексеру жүргізді. Тексеріске бейінді мамандар қатысты. Оларға келтірілген залалды егжей-тегжейлі бағалау және станцияның барлық қосалқы нысандарының жұмысын қалпына келтірудің ықтимал мерзімдерін қысқа мерзімде ұсыну тапсырылды.
Жабдықтарды қарап шыққан бойда КҚК бас директоры Н.Н. Горбань консорциумның Батыс аймағының басшылығымен және мердігерлермен жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету шараларын күшейтуге көп көңіл бөлінді.
Еске салсақ, 2025 жылдың 17 ақпанында "Кропоткинская" МАС-на жарылғыш заттар мен металл зақымдайтын элементтер толтырылған бірнеше ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған еді.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің жедел, келісілген әрекеттердің арқасында мұнайдың төгілуіне жол берілмеді. Мұнайды Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы тасымалдау тотатылған мұнай айдау станциясын айналып өтіп жүзеге асырылуда. Теңіз терминалында шикізатты экспортқа жөнелту әдеттегідей жалғасуда.
2024 жылы "Кропоткинская" мұнай айдау стансасы арқылы 63 миллион тоннадан астам мұнай айдалды, оның 90 пайызға жуығы Қазақстан аумағынан алынды.