
2025 жылдың 17 ақпанында Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдау нысаны - «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Соққы жарылғыш заттардан басқа металл зақымдайтын элементтермен толтырылған жеті ұшқышсыз ұшатын аппаратпен жасалған. Шабуыл уақыт аралығымен жасалып, нысанның жұмысын бұзып қана қоймай, станцияның жедел персоналын да шығынға ұшырату мақсатын көздеген.
Станция қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің жедел, келісілген әрекеттердің арқасында мұнайдың төгілуіне жол берілмеді.
Шығынды бағалау және станцияның жұмысын қалпына келтіру уақытын анықтау үшін бас директор Н.Н.Горбан бастаған арнайы топ оқиға орнына кетті. Қазіргі уақытта «Кропоткинская» мұнай айдау станциясы істен шықты. Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау мұнай айдау станциясын айналып өтіп, төмендетілген айдау жылдамдығымен жүзеге асырылуда.
Кубанның Кавказ ауданында орналасқан «Кропоткинская» мұнай айдау станциясы - Ресей Федерациясындағы ең ірі КҚК мұнай айдау станциясы. Халықаралық консорциумның барлық акционерлері, соның ішінде АҚШ пен Еуропа компанияларының өкілдері азаматтық нысанға ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған теракт және оның салдары туралы хабардар етілді.
КҚК тарапынан қазақстандық мұнай үшін шектеулер жоқ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.
В Атырау +4