
Сәулет және қала құрылысы ескерткіші бойынша жұмыстарды осы жылдың екінші тоқсанында бастау жоспарлануда.
Атыраудағы ең әдемі ғимараттардың біріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға қатысты жырға айналған мәселе аяқталуға жақын секілді. Ақпан айының басында қалалық мәслихат сессиясында депутаттар Мәдениет сарайын ретке келтіруге қажетті соманы бекітті.
Қала әкімдігі бұл сома 945,2 миллион теңгені құрағанын, тендер келесі айдың басында жариялануы мүмкін екенін хабарлады.
«Жұмыстардың басталу және аяқталу мерзімі тендер қорытындысы мен мердігермен келісімшарт жасау негізінде анықталады. Алдын ала 2025 жылдың екінші тоқсанында жұмыстарды бастау жоспарлануда», - делінген қала әкімінің орынбасары Нұржан ЕРМҰХАНОВ қол қойған «АЖ» сауалына берілген жауапта.
Сондай-ақ әкімдік «барлық жұмыстар мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалануды реттейтін ҚР қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікте жүргізіледі» деп сендірді. «Тендерге ескерткіш мәртебесі бар нысандарда жұмыс жүргізуге тиісті лицензиясы бар компаниялар ғана қатыса алады».
Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы осыдан екі жыл бұрын күрделі жөндеуге жабылып, бірқатар қорғау заңнамасының баптары бұзылған болатын. «АЖ» араласқаннан кейін прокуратура басталған жұмысты заңсыз деп таныды. Нәтижесінде мердігермен келісімшарт бұзылып, төленген аванс бюджетке қайтарылды, содан кейін «Қазреставрация» РМК мамандарымен жаңа жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталып кетті.
Жилгородоктағы Мәдениет сарайының ғимараты 1948 жылы салынған, ол - 1982 жылдан бастап республикалық маңызы бар сәулет және қала құрылысы ескерткіші.
Лев ГУЗИКОВ
Автор түсірген сурет
В Атырау -1