Иржи Руснок Фото: Petr Josek Snr / Reuters
Елдің Премьер-Министрі Иржи Русноктың Парламент депутаттары палатасында сенім вотумын алмауы саясаткерлердің осындай шешіміне түрткі болған. Чехияның социал-демократиялық партиясы да бұл ойды қолдайтынын ашық айтты. Елдің конституциясына сәйкес, Парламент өзін-өзі тарата салысымен Президент кезектен тыс саяси дода күнін жария етеді. Саясаткерлер сайлау осы жылдың қазан айында басталады деген болжам айтуда. Бұл жағдайда елдің жаңа үкіметі 2014 жылдың бюджетін уақытылы бекіте алады. Айта кетейік, И.Русноктың Үкіметі 10 шілдеде өз күшіне енген. Заңға сәйкес, осы оқиғадан кейін 30 күн ішінде сайлау өткізіледі.
Дереккөз: 24.kz