Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Прокуратура зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтады

346 рет қаралды

Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы Зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.

Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді.

Талап-арыздың мазмұны Зауытқа 37 га астам жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 құратын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты.

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.

18 ақпан, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.