Атырау, 12 желтоқсан 04:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Қазақстанда терроризмді насихаттаған төрт күдікті ұсталды

371 рет қаралды

2025 жылғы 17 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.



18 ақпан, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.