Атырау, 12 желтоқсан 04:28
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Мемлекетаралық іздеуде жүрген Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды

430 рет қаралды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Садвақасов Т.Х. соттан жасырынбақ болған кезде ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

"Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлағандай, Садвақасов Тимур Хабдуллаевич мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі тарапынан ұсталды. Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бар мәліметке сәйкес, Садвақасов Т.Х. тергеу изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалуда", - деп жазылған хабарламада. 

Ведомство атап өткендей, Т.Х.Садвақасовқа алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған.

"2023 жылы шілде айында Садвақасов Т.Х. және «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Курманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев В.И-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған.

Алдын-ала келісім бойынша параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Садвақасов пен Курманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған.

Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қайта қарауға жолданды", - делінген хабарламада. 

Тимур Садвақасов 2019 жылғы 18 ақпанда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оған дейін ол Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.  

17 ақпан, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.