Атырау, 12 желтоқсан 04:29
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

46 кеншінің өліміне қатысты істің тергеуі аяқталды - ​Бас прокурор

369 рет қаралды


ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды деп мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады" - деп жазды Берік Асылов X әлеуметтік желісінде.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша 10 айыпталушыға қатысты іс сотқа жіберілді.

Еске салсақ, 2023 жылғы 28 қазанда Костенко атындағы шахтада бастапқы тұжырым бойынша газметан жарылды. Жарылыстың толқыны 2 шақырымға дейін жеткен. Қарағанды облысында барлық 46 кеншінің денесі табылды. 

29 қазанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.  

17 ақпан, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.