Атырау, 12 желтоқсан 04:28
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды​

460 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылып, Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Руслан Желдібай 1989 жылы туған. 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы  Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.

2011-2012 жж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор; 

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;

2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;

2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті  төрағасының орынбасары;

2020 жылдың мамыр айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2022 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;

2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы;

2023 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

17 ақпан, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.