
Тарихшы Радик Темірғалиев Qalam подкасында мектептегі тарих сабағында естімейтін құпияларды ашты.
«Кіші жүздің батыстағы қазақтарының басқа жүздермен салыстырғанда балық аулау өнеркәсібі біршама дамыған. Қазақтардың балықты онша ұнатпағаны анық, ол кедейлердің азығы болған», - дейді Темірғалиев.
«Адайларда флот болған ба?» деген сауалға: Тарихшы нақты жауап береді.
«Флот болған. Ол қайықтар, баркастардан құралған. XVIII-XIX ғасырларда олар тіпті Каспий теңізінде қарақшылықпен айналысқан. XIX ғасырда Каспийде сауда жасайтын орыс көпестерінің көпшілігі адайларды теңізші ретінде жалдаған. Өйткені адайлардың теңізде өте епті болғанын айтады. Алтын Орда дәуіріне келер болсақ, Ұлы Жібек жолының бір тармағы Каспий арқылы өткен. Ал Маңғыстау аумағында сауда қалаларының, керуен сарайлардың қалдықтары сақталған. Тауарлар Астраханнан Маңғыстауға дейін кемелерге тиеліп, одан соң жүктер түйелерге қайта артылып, әрі қарай жолға шыққан».
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ