Атырау, 25 сәуір 16:05
 ашықВ Атырау +19
$ 517.16
€ 588.48
₽ 6.23

«Бейбарыс»​ ХК Атыраудағы ойыннан кейінгі төбелес үшін кешірім сұрады

512 просмотра
Видеодан скриншот

Атыраудағы ойыннан кейін «Бейбарыс» пен «Арлан» хоккейшілеріне тәртіптік санкциялар қолданылды.

Еске салсақ, 14 ақпанда Атырау қаласында өткен PRO HOKEY LIGASY чемпионатының №152 матчынан кейінгі қол алысу рәсімі барысында қос команданың жаттықтырушылары, өкілдері және ойыншылары арасында жанжал орын алған еді.

Республикалық жарыстарды өткізу департаменті матчтың бейнежазбаларын, төрешілердің есептерін зерттеп, «Арлан» ХК-ның алты және «Бейбарыс» ХК-ның үш ойыншысын жазалады. Жергілікті хоккей клубының бас бапкері А.Высоцкий, клуб директоры С.Мекеев, дәрігер С.Құралбеков те жазаланды.

Оқиғадан кейін Атырау клубының басшылығы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында болған оқиғаға өкінішті екенін жеткізді: «...Біз өз жауапкершілігімізді ұғынамыз және мұз айдынында да, одан тыс жерде де спорт рухын және құрмет сақтаудың маңыздылығын мойындаймыз. 

Қазіргі уақытта жағдай толықтай қалпына келді. Барлық тараптар тиісті қорытындылар жасады, клуб алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жұмыс жасауды жалғастырады.

Жанкүйерлерге, лига басшылығына және барлық мүдделі тараптарға түсіністік пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз».

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 ақпан, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.