Атырау, 12 желтоқсан 04:28
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​ҚазАвтоЖол жол белгілерінің жиі ұрланатынына шағымданды

986 рет қаралды

Республикалық маңызы бар автожолдардың бойында жол белгілері мен құрылғыларды ұрлау фактісі көбейді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

2024 жылы елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орналасқан жол құрылғыларын ұрлау фактісі жиілеп, 1,35 млн теңге көлемінде шығын әкелді. 

Заң бұзушылар стробоскоптарды, күн батареяларын, пішінді қаңылтырларды, қоқыс контейнерлерін, жарық шамдарды, жол белгілері мен су өткізгіш құбырларының қалқандарын ұрлаған. 

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы аталмыш фактілер бойынша құқық қорғау органдарына көптеген өтініштерді жолдады. 

Егер сіз осындай оқиғалардың куәгері болсаңыз, онда 102 немесе 1403 нөміріне хабарласуды сұраймыз. 

Ұрлық тек мемлекетке шығын келтірмей, жол пайдаланушылардың қозғалысына қауіп төндіріп, түрлі авариялық жағдайларды тудыруы мүмкін.

14 ақпан, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.