Атырау, 12 желтоқсан 04:28
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Шетелдік азаматтардың Қазақстандағы мәртебесі: тіркеу, жауапкершілік және уақытша тұру ережелері

997 рет қаралды

Маңғыстау облысында есептік кезеңде 3873 шетелдік уақытша тіркеуге алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген 655 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Олардың 164-і елден тысқары шығарылды. 

Сонымен қатар қолданыстағы ережелерге сәйкес, қабылдаушы тарап шетелдіктің Қазақстанға келгені және тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті. Бұл талап шетелдік азамат келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалуы қажет. Хабарламаны уақытылы бермеу қабылдаушы тарапқа 10-нан 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер бір жыл ішінде бұл ереженің қайта бұзылғаны анықталса, шақыруларды рәсімдеуге 1 жылға тыйым салынады. Уақытша тұруға рұқсат келесі мақсаттар үшін 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі:

- Еңбек қызметі (еңбек шарты негізінде); 

- ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) елдері үшін жұмысқа рұқсат немесе еңбек патенті негізінде; 

- Бизнес-иммигрант ретінде кәсіпкерлік қызмет; 

- Отбасымен қосылу; 

- Оқу, емделу, миссионерлік қызмет. 

Қазақстаннан шыққан жағдайда, уақытша тұруға рұқсат өзінің ресімделген мерзімінің соңына дейін жарамды болып қалады. Елге қайта кірген кезде, оны қайта рәсімдеудің қажеті жоқ.

14 ақпан, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.